«Ақпарат тарату арқылы ОҚО шекаралас аудандарындағы еңбек мигранттарының құқықтарын нығайту» жобасы 2006-2009 жж. Орталық Азиядағы Еуразия Қорының қаржыландыруымен жүзеге асырылған

Жобаның мақсаты: Еңбек мигранттарына олардың құқықтары туралы ақпарат беру, оларға құқықтық кеңес беру, сонымен қатар, қоғам назарын еңбек мигранттарының мәселесіне аудару.

2006 жылы жоба шеңберінде Мақатарал және Сарыағаш аудандарында еңбек мигранттарына ақпараттық-құқықтық қолдау көрсету бойынша 2 орталық ашылды.  2008 жылы еңбек мигранттарының көптеп келуіне байланысты Шардара ауданында үшінші ақпараттық-құқықтық орталығы ашылды.  Орталықтардың ашылу мақсаты:

  • еңбек мигранттарын олардың құқықтарын қорғауға және заңның сақталуына ықпал ететін ақпаратпен қамтамасыз ету
  • еңбек мигранттарының нақты бір құқықтарының бұзылуы, денсаулығын және қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес беру секілді құқықтық көмек көрсету
  • еңбек мигранттары үшін сенім телефонын ұйымдастыру

 

Жобаны жүзеге асыру кезінде орталықтарға 2470 адам келген. Оның – 1815 мигранттар және 655 қазақстандық жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар). Сенім телефоны бойынша 660 адам хабарласып, оларға тиісті көмек және кеңестер берілді. 

Жобаның ақпараттық компоненті бойынша еңбек мигранттарын ақпараттық-құқықтық қолдау орталықтары арқылы еңбек мигранттарының құқықтарын түсіндіретін, біздің елімізге келу тәртіптері, үйлеріне ақшаны қауіпсіз  жеткізу мақсатында банк және пошта жүйелері туралы ақпарат, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша  7807 брошюралар, буклеттер, флайерлер таратылды.

Жоба барысында «Береке» ҚБ миграция бойынша жумыс жасайтын мемлекеттік мекемелермен, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау халықаралық бюросының ОҚ Филиалы,  Миграция бойынша Халықаралық ұйымның Орталық Азияда адамды сатуға қарсы әрекеттер бағдарламасы, «Сана Сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығы, Әйелдер Ресурс Орталығы секілді бірнеше ҮЕҰ-мен серіктестік қарым-қатынас орнатты, сонымен қоса, ақпараттық-құқықтық орталықтар жергілікті бизнес құрылымдармен де серіктестік байланыстар орнатты