«Қолөнерші ауыл келіншектерінің мүмкіндіктерін арттыру» жобасы    2006 – 2007 жж. АҚШ Елшілігінің Демократияны дамыту жөніндегі комиссиясы Шағын Гранттар бағдарламасының қаржыландыруымен жүзеге асырылған.

Жобаның негізгі мақсаты ауылдық әйелдердің (жергілікті және оралман) білімін арттыру арқылы азаматтық қоғамды нығайту, олардың мүмкіндіктерін арттыру және білім беру, ақпараттық және әлеуметтік іс-әрекет түрлері арқылы қолдау көрсету.
Жобаның басты міндеттері оралман-келіншектерді келесі іс-шаралар легін өткізу арқылы белсенділіктерін арттыру: «Лидерлік қасиеттерді дамыту, қауымдастықты мобилизациялау және қауымдастықты дамытуда гендерлік теңдік»,  жергілікті оралман келіншектерді мобилизациялау арқылы өзара көмек қорын құру үшін арнайы семинарлар, сонымен қоса, өз істерін ашу, тіркеу, салық салу және бухгалтерлік есеп негіздері бойынша қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында «Бизнесті дамытудың заңды және бухгалтерлік аспектілері» бойынша семинар өткізу.
Мақсатты топ: Түркістан және Шымкент қалаларының шет аймақтарындағы қолөнерші әйелдер (жергілікті және оралман).
Тренинг бағдарламалары адам құқықтары саласында әйелдерге білім беру, әйелдерді гендер мәселесінде тек әйел дискриминациясы проблемасынан ғана емес,  сонымен қатар олардың қоғамдағы рөлінен де хабардар етуге, әйелдердің қоғам өміріне қатысуы мен қауымдастық дәрежесінде шешім қабылдауға қатысудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қауымдастықты мобилизациялау дағдысы қоғам өмірінде  әлеуметтік-маңызды және экономикалық мәселелерді  анықтауда және шешуде ашық процестерді пайдалана отырып көпшілік тыңдау, жиналыстар өткізуде әйелдерге ықпал жасады.
Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтар үшін қолөнер курстарын оқытуды дамытуға қолайлы жағдай жасады.
Қолөнерші әйелдердің өзара көмек қорының қағидалары мен негізгі концепцияларын енгізе отырып, осылайша оларды микро-кредит жүйесіне тарту арқылы олардың сапалы өнім шығаруларын бақылау үшін техникалық қолдау көрсетілді. Ол базарда бәсекелестікті және өнімнің ұзақ мерзімділігін арттырды. 

Жоба толығымен алғанда, қолөнерші әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы әйел құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.