«ОҚО ауылдык аудандарында гендерлік теңдік саясаты арқылы демократиялық қоғамды дамыту» жобасы 2008 ж. ОҚО Ішкі саясат басқармасының қаржыландыруымен жүзеге асырылған.

Жобаның мақсаты демократиялық қоғамның тұрақты дамуын және тең құқылықты қамтамасыз ету мақсатында гендерлік теңдікке жету үшін мақсатты қауымдастық азаматтарын оқыту және кеңінен белсенді қатысуына ықпал жасау болып табылады.

Оқыту бағдарламасы гендерлік теңдік саясатының табысты (сәтті) жүзеге асуына жағдай жасайтын қауымдастық көшбасшылары арасында гендерлік хабардарлықтарын және гендерлік сезімталдықты нығайтуды кеңейтуге бағытталған. 

Жоба шеңберінде төрт мақсатты қауымдастықта: Жетісай, Түркістан, Сарыағаш және Кентау қалаларында 80 ауылдық аудан өкілдерінен гендер бойынша тренингке қатысты. Сонымен қоса, Жетісай, Түркістан және Сарыағаш қалаларында жергілікті билік органдары, БАҚ, үшінші және жеке сектор өкілдерінің қатысуымен 3 дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты «гендер және басқару», «гендер және білім», «гендер және денсаулық сақтау», «гендер және экономика», «гендер және мәдениет» және «гендер және отбасы» секторларына гендерлік сәйкестілік басымдықтарын қалыптастыру және анықталған мәселелерді жариялау болып табылады. Жоба туралы және гендерлік саясат туралы хабардарлықты арттыру үшін 500 брошюра және флаерлар дайындалып шығарылды.