«Ұйымның институционалды дамуы» жобасы 2005 – 2006 жж. Білім беру арқылы Даму Академиясының (AED)/ЮСАИД қолдауымен  жүзеге асырылған.

Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік-маңызды және экономикалық мәселелерді анықтауда және шешуде  жергілікті қауымдастық азматтарын және көшбасшыларын тарту және біріктіру болып табылады.
Техникалық көмектесу бағдарламасының негізгі міндеті бастапқы капитал – ресурспен «Береке» ҚБ қамтамасыз етті, сонымен қатар команда қызметкерлерін дайындау ACDI / VOCA кеңесшісі Марчин Опаспен жүзеге асырылды.  Алынған ЮСАИД-тің қаржыландыруымен CAIP /Береке Қоғамдық Бастамаларға Ықпал жасау бағдарламасында алынған тәжірибе нәтижесінде стратегиялық құжаттар: ұйым құрылымы, видение және мақсат, жұмыстың негізгі бағыттары жасалынды.
«Береке» қоғамдық бірлестігі қоғамдастықтың әртүрлі бөлігінің демократияны және қоғам игілігін дамытуға белсене қатысуына ықпал  жасады. CAIP/Береке бағдарламасы 2002 ж. маусымнан бастап Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының 21 қауымдастығымен серіктестік қарым-қатынас орнатты. Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент қ., Түркістан қ., Сарыағаш және Отырар аудандарындағы серіктестермен жұмыс жасайды.
Алты айлық техникалық ықпал жасау жобасы барысында Береке қызметкерлері жергілікті билік органдары өкілдерімен аудандық, қалалық және облыстық деңгейде, сонымен қатар жергілікті және халықаралық ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерімен көптеген кездесулерге қатысты; жергілікті ҮЕҰ үшін фандрайзинг бойынша тренинг өткізді,  өзін-өзі кемелдендіру (өздігінен жетілу) үшін тренингтерге қатысқан.

Бұл жоба бойынша Береке жұмысының маңызды бөлігі соңғы жаңалықтар, жергілікті және халықаралық деңгейдегі жобалар туралы тұрғындардың ақпараттануын арттыру мақсатында ақпарат алу және тарату болды.