«ОҚО оралмандардың бейімделу орталығын құру» жобасы 2007 – 2009 жж. Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылған.

Бейімделу орталығына кіреді:

  1. Шелтер – баспана – оралмандар түнейтін немесе үй-жай тапқанға дейін, мәртебесін дәлелдейтін құжаттарын алғанға және жұмыс тапқанға дейін 30 күн аралығында тұратын орын.
  2. Асхана – оралмандар және олардың балалары тамақтанатын орын.
  3. Медициналық кабинеті. Уақытша тұратын үлкен және жас  оралмандар тексеріледі және қарапайым медициналық көмек алады.
  4. Заң және психологиялық кеңес кабинеті. Орталықта оралмандарға азматтық алу рәсімі, жұмысқа орналасу, өз құқықтарын қалай қорғауға болатыны жөнінде кеңестер беретін заңгер жұмыс істейтін болады.  

    Психолог үлкендермен және балалармен жұмыс жүргізеді. Психологтар, өздерінің  әдістерін қолдану арқылы адамдарды Қазақстанда өмір сүруге үйретеді, ауыртпалықты және күйзелістерді оралмандар бейімделу курсын өткеннен кейін, оңайлау қабылдайтын болады. 
  5. Кітапханада  ақпараттар әртүрлі тақырыпта топтастырылады: СӨС, репродуктивті денсаулық, кіші және орта бизнес жайлы көмекші құралдар және т.б. әртүрлі тілде.  Орталықта тұратын оралмандардың бұл жерден ақпарат алуға әрдайым мүмкіндіктері болады.