Орталық Азиядағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау  үшін БАҚ-ын мобилизациялау» жобасы  2007—2009 жж. Еуропалық Одағының қаржылай қолдауымен, Би-би-си Дүниежүзілік Қызмет Қорының жалпы координациялауымен, АЙРЕКС Еуропа (Франция), Еуразиялық Медиа Орталығы (Ресей),  «Береке» ҚБ (Қазақстан), «Ош БАҚ ресурс орталығы» ҚБ (Қырғызстан) және НАНСМИТ ҮЕҰ (Тәжікстан) серіктестік негізде жүзеге асырылған.

Жобаның мақсаты: жергілікті БАҚ және ҮЕҰдың әлеуметтік-маңызды мәселелерді көтеруде мүмкіндіктерін арттыру.
Жобаның кезеңдері:

  • Жобаның кіріспе конференциясы, ақпан 2008 ж.
  • Тренерлерге арналған тренинг, ақпан-наурыз 2008 ж. Мақсаты: жергілікті ҮЕҰ өкілдері және журналисттер арасынан жоба бойынша шетелдік тренерлерге со-тренерлер (ассистенттер) дайындау.
  • «Практикалық журналистиканың стандарттары және қағидалары» журналисттерге арналған тренинг, сәуір 2008 ж. Мақсаты: объективті, үйлестірілген журналистиканың негізгі қағидаларын қарастыру, сонымен қоса, тәуелсіз БАҚ дамыту үшін қажетті ақпараттарды жинау және сұхбат алуға дағдылану. Тренер: Марк Григорян (Лондон)
  • ҮЕҰ үшін БАҚ дағдыларын дамыту бойынша тренинг, маусым 2008 ж.  Тренер: Джиллиан Хокинг (Австралия); қыркүйек 2009 ж. Сотренер: Лаура Копжасарова.  Мақсаты: БАҚпен серіктестіктің артықшылығын көрсету, өз ұйымдарына БАҚ стратегиясын жасау.
  • ҮЕҰ үшін медиа дағдыларын дамыту бойынша тренинг, қыркүйек 2009 ж. Тренер: Лаура Копжасарова (Қазақстан). Мақсаты: ҮЕҰдың БАҚпен өзара байланыс дағдыларын дамыту
  • Редакторлар үшін тренинг, шілде 2008 ж.   Мақсаты: Жаңа идеялармен және БАҚ басқару тәжірибелерімен танысу.  Тренер: Джиллиан Хокинг (Австралия)
  • i-Learn курсы, ақпан-мамыр 2009 ж. Мақсаты: үйлестірілген, объективті журналистика қағидаларын жүзеге асыру, журналисттерді кәсіби дағдыларын дамыту үшін нұсқаумен қамтамасыз ету. Тренер: Лаура Копжасарова (Қазақстан)

Тренинг барысында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан 66 журналист, 24 редактор, 60-қа жуық ҮЕҰ өкілдері білім алды.

2009 ж. ақпан-маусым аралығында практикалық семинарларды баспа журналисттер үшін тренер - Дмитрий де Кошко (Франция), радио журналисттер үшін тренер -   Александр Верзилов (Россия), теледидар журналисттері үшін тренер - Тимур Иванов (Россия) Би-Би-Си Дүниежүзілік Қорының ұйымдастыруымен өткізді. Бұл тренингтер барысында біздің 43 журналисттеріміз ҮЕҰ өкілдерінің және фототілші рөлінде жас студенттеріміздің көмегімен әйелдер мен балалар өмірінің түрлі көрінісіне (аспектісіне) қатысты әлеуметтік тақырыпта 16 мақалалар, 8 радио материалдар және  6 деректі фильм шығарды.