«Демократиялық процесстерді азаматтардың кеңінен қатысуы арқылы дамыту және гендерлік теңдік саясатын  жүзеге асыру» жобасы 2007—2009 жж.  Еуропалық Комиссияның (ЕК) Қазақстандағы өкілдігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.

 Жобаның алдына қойған мақсаты азаматтардың кеңінен және белсенді қатысуы  арқылы, ОҚО-да гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру.

Мақсатты қауымдастықтар: Сарыағаш ауданы (Жарты Төбе а., Бағыс а.), Түркістан қ., Туркестан қ. (Иассы а.), Бәйдібек ауданы (Шаян а.), Отырар ауданы (Шәулдір а.), Мақтарал ауданы (Жетісай қ.), Шардара ауданы (Шардара қ.).
Гендерлік теңдік саясатын, гендерлік стереотиптердің өзгеруін түсіндіру үшін «Береке» ҚБ ауыл тұрғындары арасында 400 еркектер мен әйелдерге 20-дан астам тренингтер өткізді. ОҚО ауылдық аудандарында жастардың азаматтық белсенділігін көтеру мақсатында қосымша 160 жастарға азаматтық көшбасшылық бойынша сегіз тренинг өткізді. Жоба шеңберінде тренингтер ауыл тұрғындарына түсінікті болу үшін қазақ тілінде өткізіліп, қатысушылардың айтуынша өте тиімді болды.
Жобаның маңызды компоненті қауымдастық мүшелеріне ақпараттық қолдау көрсететін алты ақпараттық-ресурс орталықтарын ашу және сол орталықтар арасында байланысты нығайту болып табылады. Ақпараттық-ресурс орталықтары Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қ., Отырар ауданында Шәуілдір ауылында, Шардара ауданында Шардара қаласында, Бәйдібек ауданында Шаян ауылында, Мақтарал ауданында Жетісай қаласында және Сарыағаш ауданында Сарыағаш қаласында орналасқан.
2009 жылы сәуірде «Береке» ҚБ Шымкент қаласында ақпараттық-ресурс орталығының көшбасшыларына арналған 2 күндік тренинг өткізді. Онда алты аудан орталықтарынан бес волонтерлар мен қызметкерлер қатысты. Тренинг стратегиялық жоспарлау, жергілікті тұрғындарға гендерлік теңдік, адам құқығы, азаматтық көшбасшылық, БАҚпен жұмыс жасау бойынша тренингтер өткізу бойынша дағдыларын дамытуға бағытталды. Тренерлерге арналған тренинг тек қана ақпараттандыру және оқыту болған жоқ, сонымен қоса, ОҚО ақпараттық-ресурс орталықтарының арасында байланысты дамытудың іргесін қалады.              
Тренинг нәтижесінде орталықтардың үйлестірушілерімен 1000-нан астам адамдардың қатысуымен гендерлік теңдік, адам құқығы, азаматтық көшбасшылыққа арналған 51 семинар,  тренингтер, 24 іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, әлеуметтік акциялар) өткізілді.
2 жылдық жұмыс барысында орталықтардың жұмыстарын баяндайтын, өткізілген іс-шаралар туралы 25 мақала шығарылды.

100 волонтерлар тартылып, өз беттерінше 39-ға жуық  тренинг және семинарлар өткізілді.