ОҚО-ның ауылдық аудандарында гендерлік теңдік саясат интеграциясы арқылы  азаматтық қоғамды дамыту» жобасы 2006 – 2007 жж. Еуропалық Комиссияның (ЕК) Қазақстандағы өкілдігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған. 

 «Береке» ҚБ бастама болып отырған жобаның мақсаты – демократиялық қағидаларды дамыту, қоғам назарын гендерлік теңдікке тарту және гендер мәселесі бойынша көпшіліктің хабардар болу дәрежесін арттыру арқылы, және де бұл процеске жергілікті билік органдары, БАҚ, үшінші және жеке сектор өкілдерінің қатысуымен қоғамда әйелдер рөлін арттыру.
Жоба аясы бойынша Оңтүстік Қазақстан Облысының Шымкент, Кентау және Түркістан қалалары, Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының мақсатты қауымдастықтарында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеу толғаныс тудыратын негізгі салаларды және терең гендерлік талдауды қажет ететін салаларды да  анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында алынған мағлұматтар қауымдастықтардағы гендерлік проблемаларды жариялауға көмектесіп, гендерлік қатынастың даму динамикасын көрсетті. Зерттеу нәтижесі бойынша үш тілде кітап шығарылды.  
Жоба барысында «ОҚО-ның ауылдық аудандарында гендерлік саясат интеграциясы арқылы азаматтық қоғамды дамыту» атты оқыту семинарлары 140-тан астам адамдардың қатысуымен өткізілді. Гендерлік бағдарламалардың лидерлері туралы деректерлер қоры жасалынды. 

Жобаны жүзеге асыру барысындағы маңызды этап – Түркістан қаласы, Бәйдібек және Сарыағаш аудандарында үш ақпараттық ресурс орталықтарының құрылуы б.т. Орталықтар әйелдердің ақпарат, білім алуға, адам құқықтары, бизнес пен карьераны дамыту, салауатты өмір салты, бос уақытты ұйымдастыру бойынша бағдарламаларға қол жеткізулеріне мүмкіндік берді.