«Суды пайдаланушылар Ассоциациясын Қолдау Бағдарламасы» 2006 ж. ЮСАИД Халықаралық Даму Американдық Агенттігінің қаражатына Каунтерпарт Консорциумнің қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Жетісай, Сарыағаш аудандарында жүзеге асырылған.

Суды пайдаланушылар Ассоциациясын Қолдау Бағдарламасы (САҚБ) суды пайдаланушылар/суды пайдаланушылар ассоциациясының техникалық және басқару мүмкіндіктерін нығайтуға қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарламаның мақсаты: Алдыңғы қатарлы бизнес технологияларды және жалпылама қатысу қағидасын пайдалану арқылы ресми және бейресми  Суды пайдаланушылардың Ауылдық Тұтынушы Кооперативтерінің (САТК) қызметін жүзеге асыру үшін  олардың өкілдернің қабілетін жақсарту; гранттар арқылы тренинг барысында алынған  САТК білімін енгізу.

Тұрақтылықты арттыру бойынша САҚБ әдісі ұйымдастырушылықты дамыту және техникалық аспектілер бойынша тренингтер өткізу, демократиялық және ашықтық талабы бойынша жұмыс істеуді қалайтын СА мүшелеріне шектеулі қаржылай қолдау көрсетуден тұрады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:
• Демократиялық ұйымдастыру құрылымын қолдау.
• Шешім қабылдауда, мүшелер салымын және қорларды үлестіргенде ашықтықты қолдау.
• Жергілікті ирригация жүйесін және бизнес ұйымдардың оң тәжірибесін пайдалануды басқаруда мүмкіндіктерін арттыру.
САҚБ мақсатына бағдарламаның келесі элементтерін ендіру арқылы жетті:
Бағдарламаны ұйымдастырушылық қолдау:
Суды бөлу бойынша шешім қабылдауда, мүшелер төлемін жинау және қорларды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ететін Суды пайдаланушылар Ассоциациясының (СА) Кеңесін құру.
Жобаларды басқару бағдарламасы:
Заң, қаржы мәселелері және мониторинг, есеп беру аспектілері бойынша тренингтер.
Техникалық қолдау бағдарламасы:
Ирригациялық және дренаж инфрақұрылымын жақсарту, суды беру графигінің техникалық негізін дамыту  және жерді суландыруда тәжірибені жақсарту үшін САҚБ СА-ын техникалық қолдаумен қамтамасыз етеді.
Қаржылай қолдау бағдарламасы:
СА қаржылық тұрақтылығын дамыту үшін шектеулі қаржылай қолдау көрсетудің арқасында СА демократиялық концепциясы артады.

Қоғаммен жұмыс жасау:
САҚБ демократиялық шешім қабылдаудың тиімділігін көрсететін және СА-ның жеткен жетістіктерін жариялайтын СА артықшылықтары жайлы қоғамның хабардарлықтарын арттыру бойынша медиа-бағдарлама жүргізді.