«Азаматтардың өз меншігін – кондоминиум нысанын - өздері басқару мәселелері бойынша олардың демократиялық мәдениеті деңгейін арттыру жобасы 2006 – 2007 жж. ЮСАИД Халықаралық Даму Американдық Агенттігінің қаражатына Орталық Азиядағы Еуразия қорының қолдауымен жүзеге асырылған.

Бұл жобаның мақсаты  азаматтардың өз меншігін – кондоминиум нысанын - өздері басқару мәселелері бойынша олардың демократиялық мәдениеті деңгейін арттыру, Шымкент қаласының үш ауданындағы (Әл-Фараби, Абай және Еңбекші) кондоминиум мүшелері, меншік иеленушілердің жауапкершілік сезімдерін арттыру.
Жоба шеңберінде Шымкент қаласының үш ауданында (Әл-Фараби, Абай және Еңбекші)  орналасқан 60 үй-жай  (пәтер) меншік иелеріне, кондоминиум төрағалары мен басқару мүшелеріне, кондоминиум нысандарын басқару ұйымдарына арналған 3 екі күндік «Кондоминиум нысанын кәсіби басқару негіздері» атты тренинг өткізілді. 
Сонымен қоса, Шымкент қаласының көппәтерлі үй тұрғындарына кондоминиум құру мен оның қызметінің заңды негіздері туралы ақпараттандыру мақсатында ақпараттық материал (брошюралар, буклеттер) шығарылды және таратылды. Шымкент қаласында кондоминиум құру мен дамытудың оң тәжірибесін көрсету мақсатында жоба қызметтері жергілікті  беттерінде жарияланды.

Жобаның мақсатты тобы кондоминиумға тіркелген немесе тіркелгілері келетін Шымкент қаласының көппәтерлі үй тұрғындары болды. Жобаны жүзеге асыру барысында алдын ала кездесулер, бірлескен тренингтер және дөңгелек үстел өткізілген Шымкент қ. Әл-Фараби, Абай және Еңбекші  аудандарының  әкімшіліктері, тұрғындармен жұмыс жасау бөлімдері де қатысты.