«Ерте даму курсын ашу арқылы Шымкент қ. әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және оралман отбасының балаларын мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету» жобасы 2009-2010 жж. «Бота» Қоғамдық Қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты мектепке дейінгі білім және тәрбие саласы қызметінің сапасын жақсартуға және оны әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балалары үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба барысында Шымкент қ. шет аймағындағы  «Достық», «Қайтпас», «Сәуле», «Қайнар-бұлақ» мөлтекаудандарында тұратын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасларынан 200 бала  «Балбөбек» ерте даму курсында білім алуға мүмкіндік алды. Оқу «Береке» ҚБ арнайы жасаған бағдарламасы бойынша әрбір сабақтың ұзақтығы 2-3 сағаттан, аптасына 3 рет өтті. 20 педагог-тәрбиешілер және ата-аналарға балалармен жұмыс жасау үшін қажетті психологиялық  жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында Тренерлерге арналған Тренинг өткізілді. Қалалық зообаққа, балалар кітапханасына, Даңқ Мемориалына «Мен әлемді танимын» атты қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Курска келетін балалардың 20 ата-аналарына СӨС, гендер, адам құқығы мәселелері бойынша тренинг өткізілді.  Балалрға арналған ауыз қуысы гигиенасы бойынша «Таза күлкі» комиксі,  АҚТҚ-ға шалдыққан адамдарға қатысты кемсітушіліктің алдын алу бойынша «Өмір хикаясы» буклеті, балаларға арналған дамытпалы ойындар жинағы жасалынып, мақсатты қауымдастықтарда таратылды. Жоба нәтижесін, сонымен қатар осы жобаның нәтижесін басқа қауымдастықтарға репликация мүмкіндігін талқылау мақсатында әкімшілік, ОҚО балалар құқығын қорғау бойынша департаменті, БАҚ өкілдері және жоба бенефициарларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жоба үлкен ықпалын тигізген «Save The Children»  қорының халықаралық сарапшысы Лорен Фоли-Линчтің келуі болды. Ол курс жұмыстарына өте жоғары баға берді, сонымен қатар балалармен жұмыс жасауда инновациялық әдістерді ұсынды және бұл әдістер кейіннен курстарда пайдаланылды. Курста оқитын балалардың ата-аналары бағдарламаның тиімділігін бағалады. Қысқа мерзім аралығында балалардың ой-өрісі, ойлауында жақсы өзгерістер болды. Жобаның тиімді жүзеге асуы үшін қала әкімшілігімен, балалардың құқығын қорғау департаментімен, балалар-жасөспірімдер кітапханасымен, ОҚО Азаматтық альянсымен және әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласында жұмыс жасайтын жергілікті ҮЕҰ-мен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатылды.