«Береке» ҚБ құрылу тарихы

Американдық үкіметтік емес ұйым ACDI/VOCA ЮСАИД халықаралық даму Американдық Агенттігінің қаржыландыруымен  2002 жылы Қазақстанда Қоғамдық Бастамаларға ықпал ету Бағдарламасын (CAIP/Береке) жүзеге асыруды бастаған.   
Бағдарлама әрбір қоғамдастықта бар ресурстарды мобилизациялау барысында мүмкіндіктерін арттыру, қауымдастық мүшелері, жергілікті билік органдары, коммерциалық структура және үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыру арқылы серіктестікті дамытуға бағытталған.
CAIP/Береке бағдарламасы 2002 ж. маусымнан бастап Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының 21 қауымдастығымен серіктестік қарым-қатынас орнатты.
CAIP/Береке бағдарламасы 3 жылдық қызметі кезінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы 238 мыңдаған тұрғындардың үйлеріне қуаныш әкелген 73 жобаны жүзеге асырған.

CAIP/Береке американдық және жергілікті техникалық консультанттардың тәжірбиесін пайдалана отырып, жергілікті және халықаралық ҮЕҰ-мен ынтымақтастық арқылы қоғамдастықтың белсенді өкілдеріне жобаларды жүзеге асыруда техникалық қызмет көрсету және тұрақты дамыту; қоғамдастықтың ішкі ресурстарын мобилизациялау; дау-жанжалды шешу және алдын алу; азаматтық қоғам және адам құқығын қорғау; стратегиялық жоспарлау және т.б. өзекті мәселелер жайлы сабақтар жүргізді.

2005 жылы шілдеде жоба сәтті аяқталды, алайда тәжірибе, білім және біліктілік жинақтап, шабыттанған CAIP/Береке қызметкерлері Қазақстанның оңтүстік аймағында «Береке» қоғамдық бірлестігін құрып, жергілікті қауымдастық бастамаларын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.