Ұйым миссиясы:
«Береке» қоғамдық бірлестігі демократияны дамытуда және қоғамның әл-ауқаттылығын жақсартуда жергілікті тұрғындардың белсене қатысуына ықпал етеді.

«Береке» қызметі ауылдық қауымдастықтарды дамытуға, соның ішінде аудандық ҮЕҰ институционалдық дамыту арқылы азаматтық қоғамды нығайтуға, гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыруға, және әйелдер, балалар, сонымен қатар, әлеуметтік әлсіз топтардың құқықтарын нығайтуға мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізу, халықаралық әріптестікті нығайту және мемлекеттік органдар, БАҚ, бизнес құрылымдармен серіктестікті арттыру арқылы ықпал етуге бағытталған.