«Азаматтық қоғамның тұрақты дамуы мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық ҮЕҰ потенциялын нығайту» жобасы
«Береке» ҚБ арқылы Еуропалық Одағының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба құны 288 647 Евроны құрайды.
 
Жоба географиясы: ОҚО: Түркістан қ, Кентау қ., Отырар ауданы, Бәйдібек ауданы, Сайрам ауданы, Қазығұрт ауданы, Сарыағаш ауданы, Мақтаарал ауданы, Шардара, Төлеби ауданы. 

Жоба ауылдық ҮЕҰ институционалды және техникалық дамыту және ҮЕҰдар, жергілікті билік органдары, бизнестер, БАҚ араларында әріптестікті нығайту арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аудандарында азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған. Сонымен қоса, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында шешім қабылдау процессіне жергілікті тұрғындардың қатысуын арттыру. Жоба ауылдық ҮЕҰ үшін жоба жасауды, оның менеджементі және жергілікті тұрғындарды мобилизациялау, БАҚпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, гендерлік теңдік және Адам құқығы, бухгалтерлік есеп және салық салымдары бойынша тренингтер өткізеді. Сонымен қоса,  журналисттердің әлеуметтік мәселелерді объективті және әділ баяндауын оқытып, осал топтарға қатысты әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін арттыруды  қарастырады.

Ауылдық ҮЕҰ қызметкерлерінің тренинг барысында алған білімдері өздерімен ұсынылған суб-жобаны жүзеге асыру арқылы тәжірибе жүзінде нығайтылатын болады. Конкурсты жеңген ең жақсы суб-жобалар «Береке» ҚБ  жобасы шеңберінде қаржыландырылатын болады. Жоба әрбір мақсатты ауданда жалпы сомасы 10 000 Евроға дейінгі 3 суб-жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.